«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: Саурандықтар Қарашық өзенінің бойын тазалады

0
218

Тазалық жұмыстары ерекше сайыс түрінде ұйымдастырылып, белсенділер 3 топқа бөлінді.


«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: Саурандықтар Қарашық өзенінің бойын тазалады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды. Апталық аясында аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері Қарашық өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстары ерекше сайыс түрінде ұйымдастырылып, белсенділер 3 топқа бөлінді. Арнайы қапшықтарға қоқыс қалдықтарын жинау арқылы, ең көп салмақ жинаған құрама жеңіске жететіндігін мәлімдеді.


Тазалық жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ербол Ұласбекұлы мен облыстық мәслихат депутаттары Баймахан Тоймаханұлы мен Жанар Амангелдіқызы арнайы қатысып, ерікті жастармен бірге тазалық жұмыстарын атқарды.


Оранғай ауылдық округінен өтетін 22 шақырымға созылған Қарашық өзенінің бойын тазалау жұмыстарына 100-ге жуық адам қатысты. «Таза табиғат», «Таза Қазақстан» және «Киелі мекен – Сауран» командалары үздік нәтижелерге қол жеткізіп, арнайы алғыс хаттармен марапатталды, сыйлықтар табыс етілді.